⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Мамыр 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында сауда заңнамасын бұзу фактілері көбейді

    20.05.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Алматы облысында сауда заңнамасын бұзу фактілері көбейді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматы облысында 2025 жылы сауда заңнамасын бұзған 62 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 579 мың теңгеден астам айыппұл салынса, биыл 160 сауда нысанына қатысты 585 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы көлемі 3 млн теңгеге жуық айыппұл жазылған. Бұл жайында Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің бас маманы Қуантқан Дидаров баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

    Бас маманның айтуынша, сауда орындарында тұтынушыларға қажетті ақпарат ашық әрі қолжетімді болуы тиіс. Атап айтқанда, базар аумағында сауда орындарының сызбасы, эвакуация жоспары, жалға беру тәртібі мен бос орындар туралы мәліметтер орналастырылуы қажет. Сонымен қатар, сауда орындары заманауи талаптарға сай жабдықталуы керек.
    Қазіргі таңда Алматы облысында ресми түрде 60 сауда жасайтын базар тіркелген. Оның ішінде 9 базар қайта жаңартылып жатыр. Атап айтқанда, Қонаев, Қаскелең, Талғар, Есік және Шонжы елді мекендеріндегі бірқатар базарлар жөнделуде.
    Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар да жалғасуда. 2025 жылы департаментке азаматтардан 547 өтініш түссе, 2026 жылдың басынан бері 1700 өтініш қаралған. Шағымдардың басым бөлігі бөлшек сауда, электрондық сауда, білім беру және тұрмыстық қызмет көрсету салаларына қатысты болған.
    «Тұтынушыларға келтірілген шығындарды өтеу бойынша да нақты нәтижелер бар. Биылдың өзінде азаматтарға 44 млн теңге көлемінде қаражат қайтарылған. Бұл түскен өтініштердің 91 пайыздан астамы оң шешімін тапқанын көрсетеді» – деді Қуантқан Дидаров.
    Бұдан бөлек, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 52 сауда субъектісіне жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, заң бұзған 49 нысанға 1,4 млн теңгеден астам айыппұл салынған.
    Мамандар алдағы уақытта да сауда орындарындағы заң талаптарының сақталуын бақылау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

    Соңғы жаңалықтар

    Зейнетақы жинағын есептеудің жаңа әдістемесі
    20.05.2026
    Жаңа дәуірге – жарқын қадам
    20.05.2026
    Әлемге танымал бренд
    20.05.2026
    Әуе таксиі – Алатауда!
    20.05.2026
    ЗАМАНАУИ КІТАПХАНАНЫҢ МАҢЫЗДЫ САЛАСЫ
    20.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>