☀️
23°C
Қонаев
Сәрсенбі, Мамыр 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Мобильді топ мамандары марапатталды

    20.05.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Мобильді топ мамандары марапатталды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    12–20 мамыр аралығында Балқаш ауданына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменовтың бастамасымен жоғары білікті мамандардан құралған мобильді топ келген болатын. Аталған мобильді топ мамандары Ресейдің Санкт-Петербург қаласында біліктілігін арттырып, тәжірибе жинақтаған. Мобильді топ сапарының негізгі мақсаты — халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ ауданымыздың медициналық ұйымдарына емдік-практикалық және ақпараттық қолдау көрсету.
    Арнайы мобильді топ құрамындағы педиатр Ж. Жамбылова, балалар нейрохирургы Р. Ахмаров, психиатр А. Ақшалова, неонатолог Ж. Ағамұрадова, жалпы практикалық дәрігер Л. Нұрмұхамет, травматолог А. Халмұратов, хирург А. Оразбаев, акушер-гинеколог Д. Қойжігітовалар шалғай орналасқан ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетіп, қабылдау жұмыстарын жүргізді.
    Сонымен қоса, тұрғындарға білікті мамандардың кеңестері беріліп, қажетті медициналық скринингтер ұйымдастырылып, аудандық Орталық ауруханада күрделі оталар жасалды. Одан бөлек күрделі диагноздар бойынша консультациялар өткізіліп, жоғары технологиялық, медициналық көмектер көрсетілді.
    Осы орайда аудан әкімінің орынбасары Данияр Нұрманов облыстың әр аймағынан келген мобильді топ дәрігерлеріне Балқаш ауданы әкімі Азат Құтпанбетовтың алғыс хаттарын табыстап, аудан әкімдігі атынан топ мүшелеріне жылы лебізін білдірді.
    Осылайша Балқаш ауданына арнайы келген мобильді топ дәрігерлерінің арқасында бірқатар тұрғынға медициналық көмек қолжетімді бола түсіп, күрделі ота үшін облыс орталығына баруға мәжбүр болатын науқастарға ота аудан орталығында жасалды.

    Алтынай Сейіткен

    Балқаш ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Зейнетақы жинағын есептеудің жаңа әдістемесі
    20.05.2026
    Жаңа дәуірге – жарқын қадам
    20.05.2026
    Әлемге танымал бренд
    20.05.2026
    Әуе таксиі – Алатауда!
    20.05.2026
    ЗАМАНАУИ КІТАПХАНАНЫҢ МАҢЫЗДЫ САЛАСЫ
    20.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>