Жуырда, 2026 жылғы 11-17 мамыр аралығында Алматы қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Аталған байрақты бәсекеде облысымыздың спортшылары жоғары нәтижелер көрсетіп, облыстың мерейін үстем етті.
Жарысқа 20 командадан 500-ге жуық спортшы қатысып, жоғары деңгейдегі тартысты бәсекелер ұйымдастырылды.
12-13 мамыр аралығындағы грек-рим күресінде Данелов Мәди (72 кг) І орын, Жадыраев Демеу (77 кг) І орын, Камалиев Ербол (60 кг) ІІ орын, Қабдыл Бақытжан (63 кг) ІІІ орын, Төлебаев Альмир (82 кг) ІІІ орын алып, командалық есепте Алматы облысы ІІ орынға ие болды.
14-15 мамыр аралығындағы өткен әйелдер күресінде Шайшова Томирис (65 кг) ІІ орын, Дубек Тыныс (62 кг) ІІ орын, Седнева Марина (53 кг) ІІІ орын иеленді. Нәтижесінде, командалық есепте Алматы облысы ІІІ орынға табан тіреді.
16-17 мамыр аралығында өткен еркін күресте Жұмаш Омар (92 кг) І орын, Касымбек Едіге (125 кг) І орын, Дастанбек Өсімжан (65 кг) ІІІ орын, Аскаров Адлан (65 кг) ІІІ орын алды.
Осы ретте айта кетсек, Демеу Жадраев – еліміздегі беделді спортшылардың бірі. 36 жасында да бабынан таймай, мықтылығын дәлелдеп келеді. 2024 жылғы Париж Олимпиадасында күміс жүлде иеленген саңлақ енді 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадада алтын медаль жеңіп алуды мақсат етіп отыр.
Жалпы, бұл жарыстың қорытындысы бойынша облыс құрамасы:
- Грек-рим күресінен– 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль;
- Әйелдер күресінен – 2 күміс, 1 қола медаль;
- Еркін күрестен – 2 алтын, 2 қола медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте II-орынға тұрақтады.
Спортшыларды жарысқа Қоныратов Боранбек Темірғалиұлы бастаған жаттықтырушылар құрамы дайындады.
Спортшыларымыз бен жаттықтырушылар құрамын жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сондай-ақ, республика көлеміндегі додада облыс намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларымызға алғыс пен құрмет білдіреміз!
Алдағы уақытта да спортшыларымыз тек облыс және ел көлемінде ғана емес, әлемдік ареналарда да ел намысын абыроймен қорғап, көк Туымызды желбіретіп, жеңіс тұғырынан көріне берсін!
Әсем Фазылова
Алматы облысы



