⛅
27°C
Қонаев
Бейсенбі, Мамыр 21, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Ауыл шаруашылығы

    «Кең Дала – 2»: Алматы облысында 10 агроөнеркәсіптік жобаға 3 млрд теңге бөлінді

    21.05.2026
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    «Кең Дала – 2»: Алматы облысында 10 агроөнеркәсіптік жобаға 3 млрд теңге бөлінді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматы облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыру, агроөнеркәсіп кешенін дамыту және шаруаларға қолдау көрсету мақсатында бірнеше маңызды мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде «Ауыл Аманаты», «АПК саласындағы жобаларды кредиттеу» және «Кең Дала -2» бағдарламалары өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға үлкен серпін беруде.

    «Ауыл Аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының табысын көбейтіп, кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға бағытталған. Бағдарламаны іске асыруға бүгінгі күнге дейін 13,3 млрд теңге бөлінген.

    Ал биыл республикалық бюджеттен Алматы облысына 10,8 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл қаржы 700-ден астам жобаны қаржыландыруға бағытталады.

    Айта кетейік, бағдарлама аясында несиелер жеңілдетілген шартпен беріледі. Несие сыйақы мөлшері жылдық 2,5 пайызбен 7 жылға беріледі. Қарызды өтеуде 1 жылға дейін жеңілдік беріледі. Кепіл ретінде жылжымайтын мүлік пен жер телімдері қабылданады. Бағдарлама өзінің жемісті нәтижесін беруде, қазірде облыста ауылдық жерлерде 1400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылған.

    Алматы облысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған тағы бір маңызды жоба – «АӨК саласындағы жобаларды кредиттеу» бағдарламасы. Бұл бағдарлама ірі инвестициялық жобаларды қолдауға негізделген. Жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 24 млрд теңге берілген.

    Бағдарлама аясында сүт-тауар фермалары, құс фабрикалары, ет бағытындағы шаруашылықтар, бордақылау алаңдары, көкөніс және жеміс қоймалары, өнеркәсіптік жылыжайлар, су үнемдеу технологияларын қолданатын егін шаруашылығы, мал сою және қайта өңдеу кәсіпорындары секілді маңызды нысандар қаржыландырылады.

    Бүгінге дейін 24 млрд теңгеге 17 жоба қолдау тауып, 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. «АПК саласындағы жобаларды кредиттеу» бағдарламасы негізінде 4 жаңа сүт-тауар фермасы құрылып, 11 шаруашылық жаңғыртылып, кеңейтілген және де 14 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алынды.

    Еске саламыз, 2025 жылдан бастап Қоғам «Кең Дала – 2» бағдарламасын іске асыруда. Бағдарлама ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің айналым қаражатын толықтыруға арналған.

    Негізгі мақсат – көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдауға жеңілдетілген несие беру.

    2025 жылы «Кең Дала – 2» жобасы арқылы 10 агроөнеркәсіп субъектісі, 3 млрд теңгеден астам қаржыға қолдау алды.

    Сонымен қатар, Аграрлық кредиттік корпорациямен 5 млрд теңгеге келісім жасалып, оның аясында қазірдің өзінде 6 жоба мақұлданған.

    Бағдарламаның басты артықшылығы:

    – несие мөлшерлемесі – небәрі 5%;

    – кепілдің 85%-ына дейін «Даму» қорының кепілдігі ұсынылады.

    Бұл ауыл шаруашылығы кәсіпкерлеріне қаржы алуды жеңілдетіп, егін жұмыстарына уақытылы дайындалуға мүмкіндік береді.

    «Аталған бағдарламалар Алматы облысының ауыл шаруашылығын дамытуда маңызды рөл атқаруда. Жеңілдетілген несиелер арқылы ауыл тұрғындары кәсіп бастап, өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік алып отыр. Мемлекеттік қолдау ауыл экономикасын нығайтып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік дамуына да оң әсерін тигізуде»,-дейді «Қонаев» ӘКК» АҚ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру департаментінің директоры Дамир Мағауя.

    Соңғы жаңалықтар

    Қарасай ауданында «Samruk Alaman» облыстық волейбол турнирі өтті
    21.05.2026
    Қазақстанда жылына 10 млн тонна мұнай өңдейтін ірі зауыт салуға дайындық басталды
    21.05.2026
    «Кең Дала – 2»: Алматы облысында 10 агроөнеркәсіптік жобаға 3 млрд теңге бөлінді
    21.05.2026
    Алматы облысында Құрбан айтқа дайындық барысы пысықталды
    21.05.2026
    Алматы облысында тұрғындар көтерген мәселе шешімін тапты
    21.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>