Іле ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті «Таза бейсенбі» санитарлық тазалық жұмыстары өтті.
21 мамыр күні ұйымдастырылған сенбілікке 2810 адам қатысып, 18 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 30 гектар аумақ тазартылып, елді мекендерден 58 тонна қоқыс шығарылды.
Тазалық жұмыстары ауданның барлық елді мекендерінде жүргізіліп, көшелер, қоғамдық орындар мен жол жиектері ретке келтірілді.
«Таза Қазақстан» — қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған бір реттік шара емес, күнделікті мәдениет пен ортақ жауапкершіліктің белгісі.



