⛅
-2°C
Қонаев
Дүйсенбі, Ақпан 2, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кәсіпкерлерге жер берудің жаңа тәртібі түсіндірілді

    23.08.2023
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Құқық-заң, Мемлекеттік қызмет, Өңір тынысы, Үкімет
    Кәсіпкерлерге жер берудің жаңа тәртібі түсіндірілді
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Алматы облысының кәсіпкерлер палатасында жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын (ЖМБМК) Қазақстанға енгізу, сондай-ақ Жария кадастрлық картаның тұсаукесерін өткізу мақсатында бизнес субъектілерімен түсіндірме жиыны өткізілді. Келешекте жер қатынастары саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер жер ресурстары мен жылжымайтын мүліктің бірыңғай базасын өзектендіру арқасында онлайн жүзеге асырылатын болады.
    Кездесу Алматы облысы “Атамекен” ҚР ҰКП филиалында Алматы облысы бойынша “Азаматтарға арналған үкімет” филиалы өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесуге Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Қарқынбаев пен департамент директоры Қуат Сағадиев шақырылды.

    «Жердің барлық санаттарын беру “жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры” республикалық ақпараттық жүйесінде және 17 “Өңірлік геоақпараттық жүйелерде” іске асырылатын болады. Жаңа тәртіп жер учаскесіне құқық алуға мүдделі жеке және заңды тұлғалардың “электрондық үкімет” веб-порталы арқылы өтінім беруін көздейді. Ол жария кадастрлық картада сұралып отырған жер учаскесіне бөлу схемасын дербес қалыптастырады»,- деді Мемлекеттік корпорация филиалы директорының орынбасары Алмаз Батыралиев.

    Қазақстанда жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын енгізудің мақсаты жер учаскелерін беру тәртібінің рәсімдерін оңайлату, жер қатынастары саласындағы қызметтерді өзектендіру арқылы қызмет алушылардың лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылын барынша азайту, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту болып табылады.

    Кездесу барысында бизнес субъектілері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала отырып, электрондық жүйені және коммерциялық мақсатта жер беру рәсімдерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтты.

    Ұсынымдар

    Қапшағайда Oceanman Kazakhstan-2024 сайысы басталды

    Қонаевта «OCEANMAN QAZAQSTAN – 2025» халықаралық жүзу жарысы өтеді

    7 months ago
    ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІН АЙҚЫНДАДЫ

    ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІН АЙҚЫНДАДЫ

    2 weeks ago
    Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі

    Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі

    1 year ago
    Бүгінгі сурет –  ертеңгі тарих

    Бүгінгі сурет – ертеңгі тарих

    5 months ago
    «Жайлы мектеп» жайы алаңдатады

    «Жайлы мектеп» жайы алаңдатады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>