🌧️
15°C
Қонаев
Жұма, Мамыр 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Тексеріс нәтижесі қандай?

    22.05.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Тексеріс нәтижесі қандай?
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2026 жылға аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары қызметі мен жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізілген. Тексеріс 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2025 жылдың 31 желтоқсан аралығындағы кезеңді қамтыған. Бұл туралы Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Болат Есжанов Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтты.

    Спикердің сөзінше, 58 млрд 496 млн теңге көлеміндегі қаржыға тексеріс жүргізіліп, 10 млрд 36 млн теңгенің Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарына сай жұмсалмағаны анықталған. «Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес біз 588 млн теңгенің тиімсіз жоспарланғанын, 1 млрд 193 млн теңгенің тиімсіз жұмсалғанын, 15-тен астам рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың барын анықтадық. Мемлекеттік аудит барысында Қазақстан Республикасы бюджет және өзге де заңнамаларының бұзылуына жол берген бірқатар мемлекеттік аудит объектілерінің 17 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деді Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Болат Есжанов.
    Спикердің айтуынша, жүргізілген аудит нәтижелері бойынша бірқатар ұсынымдар беріліп, бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдаланудың сапасын арттыру бағытында нақты шаралар қабылданған. Тексеру комиссиясының ұсынымдары бойынша жауапты орган тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп, анықталған кемшіліктердің басым бөлігі жойылған. Сонымен қатар мемлекеттік аудит нәтижесінде бюджет қаражатын тиімді пайдалану және есептілікті жақсарту мақсатында нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленген.
    «Мемлекеттік аудиттің басты мақсаты – қаржы тәртібін нығайту, бюджет қаражатын тиімді әрі ашық пайдалануды қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады», – деп түйіндеді сөзін Болат Есжанов.

    Ерзат МҰҚЫРБАЙ

    Соңғы жаңалықтар

    Қой қоздап, қорада шу
    22.05.2026
    Қарадалада қарқын алған жобалар
    22.05.2026
    Тексеріс нәтижесі қандай?
    22.05.2026
    Жас патриоттар жарысы
    22.05.2026
    ҰҚК Шекара академиясы полигонына – 75 жыл!
    22.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>