⚠️ API қатесі: cURL error 28: Resolving timed out after 5000 milliseconds
Жұма, Мамыр 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Ауыл шаруашылығы

    Қой қоздап, қорада шу

    22.05.2026
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Қой қоздап, қорада шу
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Малшы қауымы үшін мал төлдету науқаны – аса бір жауапты кезең. Бұл науқанның тек төрт түлік ұстағандарға ғана емес, бүтін бір ауыл шаруашылығы саласы үшін де маңызы зор. Осыған орай аудан орталығынан 20 шақырым жерде, Кеген өзенінің бойында орналасқан, ел аузында «Арасан» деп аталатын қыр басында болып, мал төлдету науқанының өту барысымен, малшы қауымның қал-жағдайымен танысып қайтқан едік.

    «Мал өсірсең, қой өсір, өнімі оның көл-көсір» дегенді жете ұғынған қожалық Шопан ата төлін өрістеткен. Мұнда 700 аналық арқар-меринос қойы, 80 бас ірі қара, 40 бас жылқы малы бағылуда. Жаңа төлдеген, аяқтарын қалт-құлт басқан қозылар жақын маңда күнге қыздырынып жатыр. Ал алыстау жерде өсіңкіреп қалған төлдер енесімен жүгіріп жүр. Бұл қожалық иесі – таулы өлкеде елу жылдан астам уақыт мал шаруашылығын шалқытып отырған озат шопан Сағат Байсабаев. Төскейге мал өргізген қарапайым жанның шаруа қожалығы өз есімімен «Сағат» деп аталады.
    Алдымыздан емен-жарқын қарсы алған Сағат атамыздың ұлы Нұрболат Байсабаев іске мығым, малға үйірсек жан екенін аңғартты. Ол бұл іске жиырма жыл бұрын кірісіп, бүгінде атакәсіпке толықтай ден қойып отыр. Қазір мал басын еселеп, кәсіптің нәсібін көруде.
    Шаруашылық жұмысы үшін 2023 жылы «Беларусь» тракторын қосалқы тіркемелерімен бірге сатып алды. Қожалық иелігінде 15 га шабындық, 15 га егістік, қыстау маңында 145 га жайылымдық, «Шошқалы» жайлауында 280 га жайылымдық жерлері бар. Бүгінгі таңда жер тыңайтылып, арпа егуге дайындық жұмысы қызу жүргізілуде. Қолға алған ісін әрі қарай дөңгелету үшін Нұрболат ағамыз тынымсыз еңбектенуде.
    – Бұл істің қиындығы сол – мал бағатын адам тапшы. Жазда жайлауда, қыста қорада төрт түліктің бабын жасау оңай емес. Арасында барлық жұмысты жалғыз атқаруға тура келеді. Қазір төселіп алдық. Мал шаруашылығы қажырлы еңбекті талап етеді. Күндіз-түні тынбай еңбектену керек. 10-сыныпта оқитын ұлым Ерасыл сабақтан соң бір жағыма шығысып, көмектеседі. Осылайша, қойшы таяғын атадан балаға ұстату мирас болып келеді, – деген Нұрболат Сағатұлы ат баптап, құс өсірумен айналысатынын тілге тиек етті.
    Шаруашылық иесі әлі де мал басын көбейтуді жоспарлап отыр. Бүгінде қожалықта өрістегі қозының маңырауынан құлақ тұнады. Өйткені мал төлдету науқаны ерте басталып, шаруашылық жұмысы қарбаласқан шақ. Малшының бір малы екеу болып, қырда қозылары асыр салған көрініске көз сүйсінеді.
    – Сонау 1973 жылдан бері тоқты бағудан бастап, қойшы таяғын ұстап келемін. Қой тез көбейеді әрі өнімді де көп береді. Кеңес өкіметі тұсында қой төлдету науқанында 100 қойдан 110-120 қозыдан алып, «Озат шопан» атандым. Қой қырқу науқанында жоғары сұрыпты жүн өткіздік. Алайда қазақ «Мал бақсаң, әуелі өрісін тап» деген. Әсіресе мал төлдету науқанында қоздап жатқан әр қой жеке-жеке қарауды қажет етеді. Ұлым Нұрболат пен немерем Ерасыл отар ішінен жаңа туған қойларды қозыларымен еш қиындықсыз тани алады. Қазір аз ұйықтап, көп еңбектенетін мезгіл, – деген Сағат ақсақал атына мініп, қойын қайыруға кетті.
    Қарт шопан Сағат ата – Кеген ауданының Құрметті азаматы. Зайыбы Ұлбосын Сайлыбаева екеуі отбасында 4 ұл, 6 қыз тәрбиелеп, өсірді. Ұлбосын ана – «Алтын алқа» иегері. Өнегелі әулет – Ақтасты ауылындағы үлгілі отбасылардың бірі.
    Міне, осылайша атакәсіпті дамытуға өз үлестерін қосып, мал төлдету науқанын ойдағыдай жүргізіп жатқан «Сағат» шаруа қожалығы биыл 100 қойдан кемінде 110-120 қозыдан алуды жоспарлап отыр. Мал басы санының артуы ет бағытындағы жұмысты жандандыруға өз септігін тигізбек. Ол үшін осындағы шаруа иесі бір сәт те тыным көрмей, еңбектеніп жатыр.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Қой қоздап, қорада шу
    22.05.2026
    Қарадалада қарқын алған жобалар
    22.05.2026
    Тексеріс нәтижесі қандай?
    22.05.2026
    Жас патриоттар жарысы
    22.05.2026
    ҰҚК Шекара академиясы полигонына – 75 жыл!
    22.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>