Перейти к содержимому
Главная страница » «Жаз мезгіліндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен ата-аналардың жауапкершілігі» атты ата-аналар жиналысы өтті

«Жаз мезгіліндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен ата-аналардың жауапкершілігі» атты ата-аналар жиналысы өтті

      2026 жылғы 30 мамыр күні Әл-Фараби атындағы №15 орта мектептің акт залында 8–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Жаз мезгіліндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен ата-аналардың жауапкершілігі» тақырыбында қалалық ата-аналар жиналысы өткізілді.

     Жиналыстың мақсаты – жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру болды.

     Іс-шараны Алатау қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлжан Жұбаевна Ерубаева ашып, жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мектеп, ата-ана және қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.

    Жиналыс барысында Алатау қаласы ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Нұрғожаев Нұрлан Құныпияұлы «Заң және тәртіп – қауіпсіз жаз кепілі» тақырыбында баяндама жасап, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, түнгі уақытта балалардың көшеде жүруіне жол бермеу, жол қозғалысы ережелерін сақтау және интернет қауіпсіздігі мәселелеріне тоқталды.

      №16 орта мектептің мұғалімі Манкеева Ардақ Белековна «Жазғы демалыс уақытында оқушыларды әдеби кітап оқуға баулу» тақырыбында сөз сөйлеп, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда кітап оқудың маңыздылығын түсіндірді.

     Әл-Фараби атындағы №15 орта мектептің 8-сынып жетекшісі Рисдәулетова Анель Марсқызы «Жаз мезгіліндегі оқушылардың өмірі мен ата-аналардың жауапкершілігі» тақырыбында баяндама жасап, су айдындарындағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, балалардың бос уақытын бақылау және ата-аналардың заң алдындағы жауапкершілігі жөнінде кеңінен ақпарат берді.

     Жиналыс барысында Әл-Фараби атындағы №15 орта мектептің директоры Жарқынбеков Сұлтан Данашұлы «Жаз мезгіліндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен ата-аналардың жауапкершілігі» тақырыбында шеберлік сағаты мен сырласу-кеңесу жұмысын жүргізді.

Кездесу барысында жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар мектеп жасындағы оқушыларға мопед, скутер және автокөлік басқаруға заң бойынша тыйым салынатыны түсіндірілді. Кәмелетке толмағандардың көлік құралдарын басқаруы әкімшілік жауапкершілікке әкелетіні және оның салдары туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Ата-аналарға балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың қауіпсіздігін қадағалау және жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігі жөнінде маңызды кеңестер ұсынылды.      Осындай профилактикалық іс-шаралар жас ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.