Перейти к содержимому
Главная страница » Жауапкершіліктен жалтарғандар жазаланады

Жауапкершіліктен жалтарғандар жазаланады

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатовтың төрағалығымен көктемгі әскери қызметке шақырудың қортындысы мен алдағы талқыланған кеңейтілген отырыс өтті. Комиссия отрысына бірқатар департамент және басқарма басшылары, аудан әкімдері онлайн режимде қатысты.
Жиында алдымен қорғаныс істері департаментінің бастығы, полковник Нұрбол Жұмаханұлы «2026 жылғы көктемгі әскери қызметке шақыру жұмыстарының қорытындысы мен алдағы міндеттер» бойынша баяндама жасады. Өз сөзінде Нұрбол Жұмаханұлы жергілікті әкімдіктер тарапынан әскери есепке алу мен кейбір бақылау жұмыстарында қаталіктер болғанын атап өтті. Оның айтуынша қазірге дейін 6561 әскерге шақырылушы іздестірілу үстінде.«Әскерге шақырудан қасақана жалтарған, сондай-ақ азаматтардың әскерге шақыру пункттеріне уақтылы келуіне кедергі келтірген әскерге шақырылушыларға арналған материалдар қолданыстағы заңнамаға, яғни әкімшілік, не қылмыстық жауаптылыққа сәйкес, оларды жауапқа тарту үшін, тиісті органдарға берілді»,– дейді Нұрбол Жұмаханұлы.
Жиын қорытындысында жауапты мемлекеттік органдарға көктемгі әскерге шақыру науқанында жіберген қателіктерді түзету, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды күшейту тапсырылды. Сонымен қатар, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге шақыру науқанын үйлестіруді қамтамасыз ету, оның орындалуын тұрақты бақылауда ұстау және әдістемелік көмек көрсету міндеті жүктелді. Полиция бөліміне шақырудан жалтарған азаматтарды анықтау және жеткізу бойынша жұмысты күшейту тапсырылды. Жиын қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға анықталған кемшіліктерді жою және берілген тапсырмалардың орындалуын белгіленген мерзімде қамтамасыз ету міндеттелді.


Өз тілшіміз