Қазақстан Республикасының тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында Алматы облысының 2023-2029 жылдарға арналған іс қимыл жоспарының 10 тармағына сәйкес мемлекеттік тілдерді оқыту орталықтарында ересектер, оның ішінде азаматтық және мемлекеттік қызметкерлер үшін курстар (қазақ, ағылшын тілдері) ұйымдастыру және 7 тармағына сәйкес қазақ тілін үйрету үшін барлық тұлғаларға мемлекеттік қолдау көрсету, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жанынан білім деңгейі бойынша тегін курстар ұйымдастырылып, өткізілді.
«Алматы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қарасай аудандық филиалында 2026 жылдың І жартыжылдығы бойынша мемлекеттік тілді оқыту курсына 160 тіл үйренуші қабылданды. Оқытылған топ саны – 9 (оның ішінде мемлекеттік қызметкер –34, бюджеттік сала қызметкерлері – 122, жеке тұлға – 4). Ұлттық құрамы 147 қазақ, 13 этнос өкілдері (9 %). Оның ішінде оқыған мұғалімдер – 41, медицина қызметкерлері – 81, мемлекеттік қызметкерлер – 34, жеке тұлға – 4,
Мемлекеттік тілді оқыту курсынан сертификат алғандар саны – 142. 18 этнос өкілдері « Қазақша сөйлесейік » клубын аяқтады.
2026 жылы ағылшын тілді оқыту курсына 45 тіл үйренуші қабылданды. Оқытылған топ саны – 3 (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер – 2, бюджеттік қызметкерлер мен сала қызметкерлері – 41, жеке тұлға – 2). Ағылшын тілді оқыту курсынан сертификат алғандар саны – 45.
Соның ішінде курсқа белсенді қатысып, ерекше көзге түскен тыңдаушылар Алғыс хатпен марапатталды. Мұндай оқыту курстары халықтың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырып, тіл саясатын жүзеге асырудың маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Жанар Оразалиева,
«Алматы облысының «Тіл» оқу — әдістемелік орталығы»
Қарасай аудандық филиалының меңгерушісі


