Перейти к содержимому
Главная страница » «Қазгидромет» РМК-ның дауылды ескертуіне сәйкес, 2026 жылғы 3 шілдеде Алматы облысында өте қатты жаңбыр күтіледі

«Қазгидромет» РМК-ның дауылды ескертуіне сәйкес, 2026 жылғы 3 шілдеде Алматы облысында өте қатты жаңбыр күтіледі

Осыған байланысты Іле және Күнгей Алатауларында сел жүру қаупі бар.

❗ Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары!

Ауа райы тұрақталғанға дейін таулы аймақтарға барудан, өзен аңғарлары мен шатқалдарда демалудан бас тартуға шақырамыз.

Сел қаупі кезінде келесі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:

  • ауа райы болжамдары мен ресми ескертулерді тұрақты бақылаңыз;
  • нөсер жауын кезінде өзен арналары мен сай-салалардан алыс болыңыз;
  • өзен жағасында, сел жүруі мүмкін аңғарларда және тау бөктерінде шатыр тікпеңіз;
  • көлігіңізді өзен арналарының, көпірлердің және тау өзендерінің маңына қалдырмаңыз;
  • балаларды қараусыз қалдырмаңыз, олардың қауіпті аймақтарға баруына жол бермеңіз;
  • тауға шығуды, жаяу серуендеуді және туристік бағыттарға баруды кейінге қалдырыңыз;
  • сел қаупі туындаған жағдайда немесе су деңгейі күрт көтерілсе, дереу қауіпсіз, биік жерге шығыңыз;
  • электр сымдарына, опырылған ағаштарға және зақымданған құрылыстарға жақындамаңыз;
  • төтенше жағдай орын алса, 112 нөміріне дереу хабарласыңыз.