Перейти к содержимому
Главная страница » Бала қауіпсіздігіне салғырт қарамау қажет

Бала қауіпсіздігіне салғырт қарамау қажет

Ұйғыр ауданы Полиция бөлімі Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жазғы шомылу маусымына байланысты профилактикалық іс-шаралар легін күшейтуде.

Олар жаз мезгілінде азаматтардың, әсіресе жасөспірімдердің су айдындарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында аудан аумағындағы өзен-көлдер мен су арналарына тұрақты түрде рейдтік және профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Іс-шара барысында шомылуға арналмаған және қауіп төндіретін су айдындары анықталып, аталған орындарға «Шомылуға болмайды!», «Қауіпті аймақ!» деген ескерту тақталары орнатылуда. Сонымен қатар тұрғындарға, ата-аналарға және жасөспірімдерге белгіленбеген орындарда шомылудың өмірге аса қауіпті екендігі түсіндіріліп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау жөнінде ескертулер берілуде.

Полиция қызметкерлері балалардың ересектердің қарауынсыз суға түсуіне жол бермеу, су айдындарының маңында тәртіпті сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстары бір реттік науқандық шара болмайтынын айтуда. Өйткені жаз мезгілінде оқыс оқиғалардың болуы әлі де сиремей тұр. Сондықтан полиция қызметкерлері балалар қауіпсіздігіне ата-аналар мен тұрғындар да бей-жай қарамай, жауапкершілік танытса деп сұрайды.