Алматы облысы Полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының нұсқауына сәйкес Ұйғыр ауданы Полиция бөлімінде жеке құрам қызметкерлерімен арнайы идеологиялық сабақ өтті.
Сабақ барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы, оның негізгі жаңашылдықтары мен жаңа институттары кеңінен түсіндірілді. Қызметкерлерге Ата Заңның мазмұнын терең түсіну, оның талаптарын күнделікті қызметте дұрыс қолдану қажеттігі айтылды. Сондай-ақ жаңа Конституциямыздың нормаларын жан-жақты зерделеудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Шара барысында Конституцияның еліміздің құқықтық жүйесінің негізі екені, мемлекеттік саясаттың бағытын айқындап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жол ашатыны түсіндірілді. Бұл – әрбір азамат үшін ғана емес, әсіресе құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін аса маңызды құжат екені айтылды.
Полиция қызметкерлеріне заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету – олардың басты міндеті екені ескертілді. Сондықтан әрбір қызметкер Конституция талаптарын жетік біліп, өз қызметінде оны басшылыққа алуы тиіс.
Жалпы, мұндай сабақтар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың халыққа сапалы әрі заң аясында қызмет көрсетуіне ықпал етеді.
Заңға құрмет – қоғамға адал қызмет етудің басты қағидасы.


