Перейти к содержимому
Главная страница » Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталды

Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталды

Ұйғыр ауданында көпшіліктің есінде қаларлықтай үлкен фестиваль болып өтті. Ол фестивальдің өтуіне аудандағы құқық қорғау органдары ықпал етті.

Іс-шара аясында «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаты кеңінен насихатталып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Фестиваль барысында кеңес беру орталығы жұмыс істеп, тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар, жұмыспен қамту мүмкіндіктері, бос жұмыс орындары, кәсіпкерлікті қолдау тетіктері және әлеуметтік қолдау шаралары бойынша кеңестер берілді. Сала мамандары азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, қажетті ақпараттар ұсынды.

Іс-шара аясында қатысушылар арасында түрлі танымдық және спорттық ойындар да ұйымдастырылды. Белсенділік танытып, жеңімпаз атанған қатысушылар алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Кеш соңында аудан тұрғындары мен қонақтарына ашық аспан астында кинокөрсетілім ұсынылып, ерекше көңіл-күй сыйланды.

Аталған іс-шара тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, құқықтық мәдениетті арттыруға, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыруға және қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтуға өз үлесін қосты.