Перейти к содержимому
Главная страница » МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАЛДЫ

МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАЛДЫ

Алматы облысында МӘМС шеңберінде өңеш көктамырларының варикозды кеңеюін лигирлеу жүргізілетін жалғыз медициналық мекеме – Еңбекшіқазақ көпбейінді орталық аудандық ауруханасы. Биыл бірінші жартыжылдықта бұл аурухананың мамандары бауырдың ауыр циррозы және өмірге қауіп төндіретін қан кетуі бар науқастарда өңеш көктамырларының варикозды кеңеюін лигирлеу бойынша 4 ота жасады.
Мұндай ота түрі – ең күрделі және сұранысқа ие шұғыл хирургиялық араласулардың бірі. Бауыр циррозы фонындағы өңеш көктамырларының варикозды кеңеюі уақтылы медициналық көмексіз өлімге әкелуі мүмкін массивті қан кету қаупімен қатар жүреді.
Еңбекшіқазақ көпбейінді орталық аудандық ауруханасында МӘМС шеңберінде жамбас-сан буынын толық және ішінара, тізе буыны толық алмастырылып, коронарлық артерияға дәрілік жабыны бар стент орнатылады. Сонымен бірге тері арқылы транслюминальды коронарлық ангиопластика, асқазанды резекциялау, өңеш көктамырларының варикозды кеңеюін лигирлеу, несепағар мен бүйрек қуысынан обструкцияны трансуретральды жою секілді оталар жасалады. Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлеріне жататын аталған оталарды жоғары білікті мамандар заманауи жабдықтарды, инновациялық әдістемелерді қолдана отырып жасайды.
Барлық медициналық көмек шұғыл диагностикадан бастап хирургиялық араласу мен операциядан кейінгі бақылауға дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде науқастарға тегін көрсетіледі. Облыс тұрғындары тұрғылықты жері бойынша шұғыл жоғары технологиялық медициналық көмекті кідіріссіз және қосымша қаржылық шығынсыз ала алады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру
қоры КЕАҚ Алматы облыстық
филиалының баспасөз қызметі