Зорлық-зомбылық – адамның өміріне, денсаулығына және ар-намысына қауіп төндіретін ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі. Ол физикалық, психологиялық, экономикалық немесе жыныстық сипатта болуы мүмкін. Отбасындағы, қоғамдық орындардағы немесе интернет кеңістігіндегі кез келген зорлық-зомбылық заңмен қудаланады және қоғам тарапынан қабылданбауы тиіс.
Көп жағдайда зорлық-зомбылықтың құрбандары қорқыныш немесе ұялу салдарынан көмек сұрауға батылы жетпейді. Алайда мұндай жағдайды жасыру мәселені одан әрі ушықтырады. Сондықтан зорлық-зомбылыққа тап болған әрбір адам құқық қорғау органдарына немесе тиісті әлеуметтік қызметтерге жүгінгені дұрыс.
Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін:
- өз құқықтарыңызды біліңіз;
- жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге ұмтылыңыз;
- балаларға құрмет пен мейірімділікке негізделген тәрбие беріңіз;
- зорлық-зомбылық фактілеріне бейжай қарамаңыз;
- қажет болған жағдайда полиция мен арнайы қызметтердің көмегіне жүгініңіз.
Қауіпсіз қоғам – әр адамның өзара сыйластығы мен жауапкершілігінен басталады. Зорлық-зомбылыққа қарсы тұру – әрбір азаматтың ортақ міндеті.


