Перейти к содержимому
Главная страница » Заңсыздыққа жол берілмейді

Заңсыздыққа жол берілмейді

Ауған соғысы ардагерлері мен бітімгерлер еліміздің қауіпсіздігі мен әлемдік бейбітшілікті сақтауға елеулі үлес қосты. Сондықтан бұл санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Елімізде ардагерлердің құқықтық мәртебесі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Мемлекетімізде Ауған соғысы ардагерлерінің, халықаралық бітімгерлік миссияларға қатысушылардың және басқа да жауынгерлік іс-қимыл ардагерлерінің еңбегі жоғары бағалана отырып, оларға әлеуметтік кепілдіктер, жеңілдіктер және материалдық қолдау шараларын қарастырылған. Заңда бұрын қарастырылған әлеуметтік кепілдіктер сақталып, басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер жеке санат ретінде белгіленген. Әлеуметтік қолдау жүйесіне арнайы жоғарыдағы азаматтарға мемлекеттік жәрдемақы төлеу көзделген.
Өкінішке орай, жеңілдіктер пайданалу кезінде заңсыздық жиі кездеседі. Осыған орай, 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жүктеген өзге мемлекеттер аумағында болған ұрыс қимылдарының ардагерлері санының арту себептерін және оларға арнайы мемлекеттік жәрдемақының заңсыз тағайындалу жағдайларын анықтау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Алматы облысы бойынша департаменті зейнетақы бөлімдерінің қызметкерлері, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Алматы облысы бойынша филиалының қызметкерінен жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы тапсырманы орындау шеңберінде бекітілген жоспарға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Алматы облысы бойынша филиалының аудандық, қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінде жергілікті қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерімен бірігіп, жәрдемақы алушылардың «Ардагер» мәртебесін дәлелдейтін құжаттарға нақтылау жұмысын жүргізді. Тексеру барысында жәрдемақы алушылардың мәртебесін дәлелдейтін құжаттары тексеріліп, расталған азаматтардың нақты мәліметтері Қорғаныс министрлігінің ақпарат жүйесіне еңгізілді. Бірқатар жәрдемақы алушының «Ардагер» мәртебесін дәлелдейтін құжаттарында мәліметтер толық еместігі немесе сәйкессіздіктер бар екені анықталды. Осыған орай, осы азаматтардың мәртебесін растау мақсатында жергілікті қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен Орталық архивтерге сұраухаттар жолданды.
Тексеру нәтижесі бойынша «Ардагер» мәртебесін растау немесе растамау туралы шешім қабылданады. Заңбұзушылық анықталған жағдайда жәрдемақыны төлеу тоқтатылады, ал негізсіз төленген қаражат бюджетке кері қайтарылады.
Жаппай тексерудің мақсаты – негізсіз төлемдерді болдырмау және ықтимал заңбұзушылықтарды анықтау, сонымен қатар соғыс, әскери қимылдар немесе әскери қызмет жолынан өткен, сол үшін денсаулығын, тағдырын, кейде тіпті өмірін құрбан еткен нағыз ардагерлерге деген құрметті қалыптастыру, олар үшін қарастырылған игіліктерді өзге адамдардың пайдалануына жол бермеу.

Гүлшат Сұраубайқызы
ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Алматы облысы бойынша департаменті №2 зейнетақы мен әлеуметтік
қамсыздандыру бөлімінің басшысы