21-24 қыркүйек аралығында Алматыда тоғызқұмалақтан алғаш рет оқушылар арасындағы әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге Алматы облысынан 12 тоғызқұмалақшы қатысып, жалпы 3 медаль жеңіп алды.
Әлем чемпионатына 17 мемлекеттен 200-ге жуық спортшы қатысты. Дүниежүзілік дода ұлттық ойынымыздың рапид және блиц түрлері бойынша болды.
Блиц түрінен: 15 жасқа дейін оқушылар арасында шахматтан және үстел ойындарынан Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің (МБЖСМ) оқушысы Есентай Арсен – 2 орынды, Жамбыл ауданы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы Қуатжанқызы Назира – 3 орынды жеңіп алды. Ал, рапид түрінен 17 жасқа дейін оқушылар арасында шахматтан және үстел ойындарынан МБЖСМ оқушысы Батыр Ернұр – 1 орынды иеленді.
Еске сала кетейік, зияткерлік ойын 2019 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралары қатарына қосылған еді.