Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі (ҚР МФҚ) 1991 жылғы 20 желтоқсанда Министрлер кабинетінің №793 Қаулысымен құрылды. Осы күннен бастап тәуелсіз Қазақстан аумағында қызметтің жұмыс шежіресі бастау алады. Қазіргі уақытта ҚР Мемлекеттік фельдъегерлік қызметін фельдъегерлік қызмет полковнигі Жанат Берікұлы Сарин басқарады.
Жанат Берікұлы Сариннің бастамасымен биыл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің 35 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл іс-шаралар қызмет тарихында алғаш рет өткізіліп жатыр. 2026 жылдың бірінші жартысын қорытындылай келгенде, өткізілген іс-шаралар жеке құрамның бірлігін арттыруына септігін тигізіп, ұжымдағы жалпы атмосфераға оң әсерін берді.
ҚҰПИЯНЫ ҚОРҒАУ – АДАЛ ҚЫЗМЕТ, БІЗДІҢ БАСТЫ МІНДЕТ!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы Жарлығына сәйкес, Қапшағай қаласы Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне Қонаев қаласы болып аталды. 2022 жылдың 8 маусымнан бастап Қонаев қаласы Алматы облысының ресми әкімшілік орталығына айналды. Осыған байланысты 2023 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Үкіметі аппараты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің Қонаев қаласында ҚР Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет басқармасы құрылды. Қазіргі уақытта Қонаев қаласы Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет басқармасының бастығы – фельдъегерлік қызмет подполковнигі Алмаз Нұрқалықұлы Кейкеев.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің 35 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2026 жылдың бірінші жартысында Қонаев қаласы Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет басқармасының қызметкерлері нәтижелі жұмыс атқарды. Ұжымның жоғары кәсібилігін қызметкерлердің жеке жетістіктері, басқарманың түрлі байқау мен номинацияларда иеленген бірінші орындары дәлелдейді. Бұл Қонаев қаласы Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет басқармасының жеке құрам арасындағы моральдық рухын асқақтатып, ортақ ұжымдық ойлауын, ауызбіршілігі мен сенімін нығайтты. Мәселен, 2026 жылдың 24 сәуірінде Алматы қаласында өткен үстел теннисі бойынша жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әр өңірден келген қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, қатысушылар командалық және жеке есепте бақ сынады. Ойындар тартысты өтіп, әр спортшы жеңіске деген жігерін көрсетті. Командалық есеп бойынша бірінші орынды Қонаев қаласы Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет басқармасының командасы иеленді. Жеке ойын бойынша Қонаев қаласының Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет басқармасының инспекторы, фельдъегерлік қызмет подполковнигі Е.Павлов бірінші орын алды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және арнайы медальдармен марапатталды.
Жарысқа белсенді қатысушыларға және ұйымдастырушылардың жарысты жоғары деңгейде өткізгендері үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің басшылығы алғыс білдірді.
2026 жылдың басынан бірінші жартыжылдыққа дейінгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қонаев қаласы Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет басқармасының басшылығы мен жеке құрамы жергілікті балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсету бойынша тұрақты негізде қайырымдылық жұмыстарын жүргізіп келеді. Биыл жыл басынан бері екі мерекелік кездесу ұйымдастырылды. 22 наурыз – Наурыз мейрамына және 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ауқымды шаралар өтті. Осы іс-шаралар барысында қызметкерлер мерекелік бағдарламаға белсене қатысып, балаларға естелік сыйлықтарын табыстады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі – елдің қауіпсіздігі мен мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды рөл атқаратын арнайы орган. Аталған қызмет түрі туралы қысқаша мәлімет бере кетсек, негізгі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің міндеті мен басты мақсаты – сеніп тапсырылған аса маңызды мемлекеттік құпия құжаттар мен хат-хабарларды мекенжайға уақытында жеткізу. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі жоғары лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдар арасындағы ресми байланысты үзіліссіз қамтамасыз етеді.
Дәурен НҰРЖАНОВ,
Қонаев қаласы Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі басқарма бастығының орынбасары, фельдъегерлік қызмет полковнигі



