2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасында Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға. Сайлау азаматтарға елдің дамуына өз үлесін қосып, халықтың мүддесін қорғайтын депутаттарды таңдауға мүмкіндік береді.
Сайлау науқаны ашықтық, заңдылық және әділдік қағидаттарына негізделген. Әрбір азаматтың дауысы елдің болашағын айқындайтын маңызды шешімдердің бірі болып саналады. Сондықтан сайлауға қатысу – тек құқық қана емес, азаматтық жауапкершіліктің де көрінісі деп санаймын.
Құрылтайда қабылданатын шешімдер қоғамның түрлі салаларын дамытуға бағытталады. Әлеуметтік саясатты жетілдіру, балалардың құқықтарын қорғау, білім беру сапасын арттыру, заң мен тәртіпті нығайту, өңірлердің дамуын қолдау және қоғамдық бірлікті сақтау – депутаттардың негізгі міндеттерінің қатарында.
Еліміздің тұрақты дамуы әр азаматтың белсенділігіне байланысты. Сондықтан Құрылтай сайлауына қатысу – мемлекетіміздің ертеңіне деген жауапкершілікті білдіретін маңызды қадам екені анық. Елдің дамуы тек мемлекеттік органдарға ғана емес, әрбір азаматтың ұстанымына да байланысты. Сондықтан қоғам өміріндегі маңызды бастамаларға бейжай қарамай, белсенділік таныту – ортақ жауапкершілік. Бірлігі бекем, өзара сыйластығы жоғары қоғам ғана жарқын болашаққа нық қадам жасай алады.
Даяна Рахатқызы,
Алматы облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасының статист маманы

