
11 тамыз күні Халықаралық жастар күніне орай Қырбалтабай ауылында жастар арасында «Таза өлке» атты арт-сурет байқауы ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғау идеясын өнер арқылы насихаттау.
Байқау барысында жастар өз қиялдары мен шығармашылықтарын ортаға салып, табиғат, туған өлке, тазалық және жасыл болашақ тақырыптарында суреттер салды.
Қатысушылардың белсенділігі мен ерекше идеялары шараға ерекше көрік берді. Үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталды.
Таза өлке – жарқын болашақ!
Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

