Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасында өзара түсіністік болуы маңызды. Халық өз мәселесін ашық айтып, құқық қорғау органдарына қажетті ақпаратты уақытында жеткізген жағдайда көптеген құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік бар. Құқық қорғау қызметінің тиімділігі тұрғындардың сеніміне де байланысты. Азаматтардың өтінішіне құлақ асу, мәселеге заң шеңберінде жауап беру – осы сенімді қалыптастыратын маңызды фактор. Ал тұрғындар өз кезегінде заң талаптарын сақтап, құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтірмеуі тиіс. Қауіпсіздік – екі тараптың да жауапкершілігін қажет ететін ортақ міндет. Бір-бірін тыңдайтын қоғамда мәселені шешудің тиімді жолдары көбірек болады.
Заң мен тәртіпті қамтамасыз ету – ортақ мақсат. Осы мақсат жолындағы ынтымақтастық қоғамдағы тұрақтылықты нығайтады.
Құралбек СӘБИТОВ
