Жаңа Конституция әділ сот төрелігі мен адам құқықтарын қорғауға арналған конституциялық кепілдіктерді едәуір күшейтті. Қылмыстық процестегі жаңа тәсілдер жария және жеке мүдденің арасындағы құқықтық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған.
Жаңа Конституцияда әділ сот төрелігі мен адам құқықтарын қорғаудың кепілдіктері құқықтық құралдар, тәсілдер және механизмдер ретінде жүйелі түрде көрініс тапты. Негізгі міндет – сот төрелігінің жария мүддесі мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау арасында теңгерім қалыптастыру. «Жаңа Конституция бостандықты шектеуге сараланған тәсіл енгізілді. Тергеу судьясының санкциясы бастапқы дербестендірілген ұстау мерзімін 72 сағат шегінде ұзарту қажеттілігіне қарай талап етіледі. Мұндай модель бір жағынан азаматтың бостандығын негізсіз шектеуден қорғайды, екінші жағынан қылмыстық қудалау органдарының заңды әрі жедел жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Құқықтық мемлекет үшін ең күрделі міндеттердің бірі де осы – адам құқығын қорғау мен қылмысқа қарсы тиімді іс-қимылдың арасындағы тепе-теңдікті табу. Алдағы кезеңде заңнаманы жетілдіру осы теңгерімді одан әрі нақтылауға бағытталуы тиіс. Процестік кепілдіктер азаматтың құқығын сенімді қорғаумен қатар, сот, тергеу және прокуратура органдарының тиімді қызметіне жағдай жасауы қажет», – дейді Еңбекшіқазақ аудандық сотың жетекші маманы Баян Қожабаева.
Ерзат АСЫЛ

