Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның өзіне ғана емес, оның отбасына және айналасындағы ортаға да әсер етеді. Әсіресе жастардың зиянды әдеттерге ерте әуестенуі әлеуметтік мәселелердің туындауына себеп болуы мүмкін.
Мұндай жағдайлардың алдын алуда тек тыйым салу жеткіліксіз. Жастарға бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік жасау, спорттық және мәдени шараларға тарту, шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау маңызды. Адамның өмірінде пайдалы мақсат пен қызығушылық көп болған сайын, зиянды әдеттерге тәуелді болу қаупі де төмендейді.
Отбасындағы тәрбие де ерекше орын алады. Баламен ашық сөйлесу, оның ортасын білу, қиындықтарын тыңдау және қолдау көрсету – профилактиканың ең қарапайым әрі тиімді жолдарының бірі.
Салауатты өмір салты – бір күнде қалыптасатын әдет емес. Ол адамның күнделікті таңдауынан басталады. Сондықтан зиянды әдеттердің алдын алу – тек медицина немесе құқық қорғау саласының міндеті емес, отбасы, мектеп және қоғам болып атқаратын ортақ жұмыс.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

