Есірткі қылмысының алдын алуда қоғамның ақпараттық сауаты маңызды. Жастар қауіпті ұсыныстың сыртқы көрінісіне емес, оның шынайы салдарына назар аударуы керек. Кейде заңсыз әрекет «оңай жұмыс» немесе «тез ақша табудың жолы» ретінде ұсынылуы мүмкін. Мұндай ұсыныстардың артында қылмыстық мақсат тұрғанын түсіну қажет.
Жастардың спортпен, біліммен және шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік жасау – профилактиканың тиімді жолдарының бірі. Сонымен бірге ата-ана мен бала арасында сенімді қарым-қатынас орнауы маңызды. Қиындыққа тап болған жас көмек сұрай алатын адам бар екенін білуі тиіс. Есірткіге қарсы ең мықты қорған – саналы таңдау мен дұрыс орта.
Құралбек СӘБИТОВ

