Перейти к содержимому
Главная страница » БАЛҚАШТЫҢ ЖАСТАРЫ – НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

БАЛҚАШТЫҢ ЖАСТАРЫ – НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

Нашақорлықтың алдын алу – Балқаш ауданындағы жастар саясатының маңызды бағыттарының бірі. Жастарды теріс әдеттерден аулақ ұстауда отбасы, мектеп, полиция және жастар ұйымдарының бірлескен жұмысы қажет. Әсіресе әлеуметтік желілер арқылы тарайтын есірткі жарнамасы мен күмәнді ұсыныстарға жастардың еріп кетпеуіне ерекше назар аударған жөн. Бейтаныс адамдар ұсынған «жеңіл жұмыс» пен «оңай табысқа» қызығу үлкен қателікке әкелуі мүмкін. Спортпен шұғылдану, шығармашылықпен айналысу және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысу – жастардың уақытын тиімді өткізудің жақсы жолы. Есірткіні сақтау мен тарату заң бойынша қатаң жауапкершілікке әкелетінін әр жас білуі тиіс.

Нашақорлыққа жол бермеу – ауданның жарқын болашағына жасалған маңызды қадам.

Алтынай ТАЛҒАТҚЫЗЫ