Перейти к содержимому
Главная страница » Заң жолындағы басты талап – қауіпсіздік

Заң жолындағы басты талап – қауіпсіздік

Аудан көлеміндегі жолдарда қауіпсіздік талаптарын сақтау әр жүргізушінің басты міндеті болуы тиіс. Елді мекендер арасында көлік қозғалысы жиі болғандықтан, белгіленген жылдамдықты сақтаудың маңызы зор. Әсіресе ауыл ішіндегі жолдарда жаяу жүргіншілерге абай болып, балаларға жақындағанда жылдамдықты төмендету қажет. Көлік жүргізу кезінде телефонға алаңдау да жолдағы қауіптің негізгі себептерінің бірі. Ал мас күйінде көлік басқару – өз өміріңді ғана емес, өзгелердің өмірін де қатерге тігу. Жаяу жүргіншілер де жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпеуі керек.

Жол ережесін сақтау адам өмірін қорғау екенін ұмытпайық.

Алтынай СЕЙІТКЕН