Балқаш ауданының әр тұрғыны өзінің заң алдындағы құқығы мен міндетін білгені маңызды. Құқықтық сауатты азамат қандай жағдайда не істеу керектігін жақсы түсінеді және заңсыз әрекеттерден бойын аулақ ұстайды. Қандай да бір құжатқа қол қоймас бұрын оның мазмұнымен мұқият танысу қажет. Күмәнді жағдайда мамандардан құқықтық кеңес алған жөн. Өз құқығын қорғаумен қатар, өзгенің құқығы мен заңды мүддесін құрметтеу де маңызды. Құқықтық мәдениет отбасынан басталып, мектепте және қоғамдық ортада қалыптасады. Заңды құрметтеген қоғамда тәртіп те, тұрақтылық та берік болады.
Алтынай СЕЙІТКЕН

