Перейти к содержимому
Главная страница » Тыныштық – бәрімізге ортақ

Тыныштық – бәрімізге ортақ

Аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау – тек құқық қорғау органдарының емес, барша азаматтың ортақ міндеті. Ауыл көшесінде, қоғамдық орында немесе демалыс орнында тәртіп сақтау әр адамның күнделікті әдетіне айналуы тиіс. Көршінің тыныштығын бұзбау, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау және заң талаптарын сақтау – қарапайым азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Құқық бұзушылыққа куә болған жағдайда, оған бейжай қарамай, тиісті органдарға хабарлаған дұрыс. Полиция мен тұрғындар арасындағы өзара сенім қауіпсіз ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әр азамат тәртіпті өзінен бастаса, ауданның қауіпсіздігі де нығая түседі. Балқаштағы тыныштық пен тұрақтылық – баршамызға ортақ құндылық.

Алтынай ТАЛҒАТҚЫЗЫ