Отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі қазіргі қоғамның ең өзекті тақырыптарының қатарында тұр. Мұндай жағдайға тап болған кез келген адам мемлекет тарапынан толық қорғалатынын білуі тиіс. Полиция қызметкерлері түскен әрбір өтінішті мұқият тексеріп, заң бойынша шара қолданады. Жәбірленушілерге арнайы дағдарыс орталықтарында психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі. Көрші, дос немесе туыстардың бей-жай қарамай, дереу хабарлауы өте маңызды. Зорлық көрсеткен тұлғаларға заңда қатаң жауапкершілік көзделген. Балалар куә болған жағдайларға ерекше мән беріліп, жеке тәртіппен қаралады. Учаскелік инспекторлар мен әлеуметтік қызметкерлер отбасыларға түсіндіру жұмысын жүргізуде. Дағдарыс желілері тәулік бойы қоңырауларды қабылдап, шұғыл көмек ұсынады.
Үндемей қалу — зорлықтың жалғасуына жол ашатынын ұмытпаған жөн. Дер кезінде көмекке жүгіну көптеген отбасын құтқарады. Бірлескен күш арқылы отбасылық зорлық-зомбылыққа тосқауыл қоюға болады.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ

