Азаматтардың жеке мүлкін қорғау мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Соңғы кездері пәтер, көлік және басқа да мүлікке қатысты ұрлық жағдайлары азаяр емес. Тұрғындарға үйлеріне сигнализация мен қосымша құлып жүйелерін орнату кеңес беріледі. Көршілердің бейнекамералары қылмыс жасаған тұлғаларды анықтауда маңызды дәлел болып табылады. Демалысқа немесе іссапарға шыққанда көршілерге хабарлау сақтық шарасы саналады. Полиция нарядтары тұрғын аудандарды жүйелі аралап, жағдайды бақылап отырады. Мүлікке қатысты құжаттарды дұрыс сақтау жоғалту немесе ұрлық жағдайында көмекке келеді. Сауда орындары мен қоғамдық көлік аялдамаларында да күзет шаралары күшейтілген.
Интернет арқылы сатып алу-сату кезінде алаяқтарға тап болмау үшін сақ болу қажет. Мүлкі жоғалған азамат уақыт өткізбей полицияға жүгінуі тиіс. Тек сақтық пен өзара ынтымақтастық қана мүлікті қорғаудың кепілі бола алады. Қауіпсіз орта — әрбір отбасының тыныш өмір сүруінің негізгі шарты.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ

