Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар интернет алаяқтық та жаңа қауіп ретінде көрініп отыр. Белгісіз көздерден келген сілтемелер мен қосымшаларға жеке деректерді бермеу қатаң талап етіледі. Қаржы пирамидалары жоғары табыс уәде етіп, азаматтарды әлі күнге дейін алдауда. Кез келген тартымды ұсынысқа сеніп қалмай, алдын ала ақпаратты тексеру аса маңызды. Банк мекемелері мен полиция органдары жаңа алаяқтық схемалары туралы үнемі ескерту жасайды. Белгісіз нөмірден түскен қоңырауларға сақтықпен қарау керектігі жиі айтылады. Әлеуметтік желілердегі күдікті жарнамалар мен ұсыныстарға алданбаған жөн. Қаржылық сауаттылықты арттыру — алаяқтықтан қорғанудың ең тиімді жолы. Алаяқтыққа тап болған жағдайда бірден полиция органдарына хабарласу қажет. Көбіне зейнеткерлер мен жасы үлкен азаматтар осы қылмыстың нысанасына айналуда. Отбасы мүшелерінің бір-бірін уақтылы ескертуі маңызды рөл атқарады. Ақпараттық сақтық пен парасаттылық қана қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ

