Перейти к содержимому
Главная страница » Сайлау жақындаған сайын нақты шешім қабылдамаған сайлаушылардың үлесі азайып келеді – сарапшы әлеуметтанулық зерттеулер туралы

Сайлау жақындаған сайын нақты шешім қабылдамаған сайлаушылардың үлесі азайып келеді – сарапшы әлеуметтанулық зерттеулер туралы

Саяси партиялардың өңірлердегі тікелей жұмысы да ерекше маңызға ие. Жергілікті сайлау науқанына жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, электоралдық мінез-құлыққа жалпыұлттық бағдарламалар мен ақпараттық белсенділікпен қатар, әлеуметтік байланыстардың тығыздығы да ықпал етеді. Жергілікті деңгейде тұрғындармен тікелей кездесулер, волонтерлер мен партиялардың өңірлік өкілдерінің жұмысы, сондай-ақ танымал әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы коммуникация орнату өз тиімділігін сақтап отыр.Сарапшының пікірінше, бұл өңірлік инфрақұрылымы жақсы дамыған партияларға қосымша мүмкіндіктер береді. Ұлттық деңгейде танымал саяси күштің танымалдығы жоғары болғанымен, егер оның жергілікті жерлердегі жұмысы жеткілікті деңгейде жолға қойылмаса, нақты елді мекендердегі жақтастарын жұмылдыруда қиындықтар туындауы мүмкін.Жалпы, жарияланған әлеуметтанулық зерттеулер қазіргі сайлау науқанының бірқатар тұрақты үрдістерін айқындауға мүмкіндік береді. Бұл ретте басты интрига жекелеген саяси күштердің рейтингтерінің арақатынасымен ғана шектелмейді. Жаңа Құрылтайда өкілдікке ие болу үшін 5 пайыздық межеден қанша партия өте алатыны да маңызды мәселе болып отыр.«Бүгінде әлеуметтанулық зерттеулер электоралдық динамиканың бағытын, сайлаушылардың жұмылдырылу деңгейі мен партиялардың танымалдығын бағалауға мүмкіндік береді. Алайда сайлаудың нақты қорытындысын дауыс беру нәтижелері, өңірлердегі сайлаушылардың қатысу көрсеткіштері және азаматтардың таңдау себептеріне жүргізілетін кейінгі зерттеулер айқындайды», – деп атап өтті Айгүл Сәдуақасова.«Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты» сарапшылар алаңы 13 тамызда Алматы қаласында өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Талқылауға сарапшылар және академиялық қоғамдастық өкілдері, зерттеу және талдау орталықтарының мамандары, қоғам қайраткерлері және сайлау үдерістері саласының сарапшылары қатысты. Онлайн форматта пікірталасқа Қазақстанның барлық өңірлерінен сарапшылар қосылды.