Қылмыстың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғам үшін маңызды міндет. Әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалар мен әйелдердің қауіпсіздігін қорғау ерекше назарды талап етеді.
Құқықбұзушылықтың алдын алуда құқық қорғау органдарымен қатар, отбасы мен қоғамның да рөлі зор. Күдікті жағдайларға бейжай қарамай, дер кезінде тиісті органдарға хабарлау көптеген келеңсіздіктің алдын алуға мүмкіндік береді.Әр азамат заң талаптарын сақтап, өз құқықтары мен міндеттерін білуі қажет. Қауіпсіз қоғам қалыптастыру – мемлекеттік органдар мен халықтың бірлескен жауапкершілігі.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

