Азаматтардың мүлкін қорғау – қоғамдық қауіпсіздіктің маңызды бағыттарының бірі. Ұрлық пен алаяқтықтың алдын алу үшін әр адам өз мүлкіне мұқият болып, қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет.Үйден ұзақ уақытқа кетерде есік-терезені тексеру, көлік пен бағалы заттарды қараусыз қалдырмау, банк картасы мен жеке деректерді бөтен адамдарға бермеу – қарапайым сақтықтың негізгі талаптары. Құқық қорғау органдарының алдын алу жұмыстары мен азаматтардың жауапкершілігі қатар жүргенде ғана мүліктік қылмыстардың алдын алуға болады. Сондықтан өз мүлкіңді қорғау ең алдымен өзіңнен басталады.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

