Жолдағы қауіпсіздік – әрбір азаматтың жауапкершілігін талап ететін маңызды мәселе. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де жол ережесін қатаң сақтауы қажет. Жүргізушілер белгіленген жылдамдықтан асырмай, көлік басқару кезінде телефон қолданбауы және мас күйінде рөлге отырмауы тиіс. Ал жаяу жүргіншілер жолды тек белгіленген жерден кесіп өтіп, бағдаршам талаптарын сақтауы керек. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау – адам өмірін қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі. Жолдағы тәртіп – ортақ жауапкершілік.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

