Жасөспірімдік кезең – адамның мінезі мен өмірлік ұстанымы қалыптасатын маңызды уақыт. Осы кезеңде балаға дұрыс бағыт беріп, оның мәселесіне бейжай қарамау қажет. Ата-ана баласының сабақ үлгеріміне ғана емес, көңіл күйіне, достарына және қызығушылығына да назар аударғаны жөн. Сенімге негізделген қарым-қатынас жасөспірімнің түрлі қауіптен қорғануына көмектеседі.
Құқықбұзушылықтың алдын алу жазадан бұрын түсіндіруден басталады. Бала өз әрекетінің салдарын түсінсе, қауіпті шешім қабылдаудан сақтанады. Жасөспірімге дұрыс бағыт көрсету – оның болашағына жасалған маңызды қадам. Саналы тәрбие алған жас қоғамның жауапты азаматына айналады.
Құралбек СӘБИТОВ

