Перейти к содержимому
Главная страница » Жастардың құқықтық сауаты артуда

Жастардың құқықтық сауаты артуда

жаңа конституция

Талғар ауданында жастар арасында заң мен тәртіп мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Осы бағытта прокуратура өкілдері білім беру ұйымдарында оқушылар мен студенттермен кездесулер өткізеді. Кездесулерде құқықтық жауапкершілік, қылмыстың алдын алу, буллинг және өзге де өзекті мәселелер талқыланады. Жастарға заңды білу ғана емес, оның талаптарын күнделікті өмірде сақтау қажеттігі түсіндіріледі. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттырып, құқық бұзушылыққа бейім мінез-құлықтың алдын алуға ықпал етеді. Сонымен бірге жастардың қоғамдағы қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауына жағдай жасалады. Құқықтық мәдениеті қалыптасқан жас – тәртіпті әрі жауапты қоғамның негізі. Сондықтан жастармен жүргізілетін түсіндіру жұмыстары «Заң мен тәртіп» идеологиясының маңызды бөлігі болып қала береді.

Құтмағанбет ҚОНЫСБАЙ