Перейти к содержимому
Главная страница » Іле ауданында балалар қауіпсіздігі назарда!

Іле ауданында балалар қауіпсіздігі назарда!

Іле ауданында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағытта аудан әкімдігі, прокуратура, полиция, білім беру ұйымдары және ауылдық округ әкімдіктері бірлесіп жұмыс жүргізуде.

Балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін аумақтарды анықтап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылуда. Су айдындары, құрылыс нысандары, ашық құдықтар сияқты қауіпті жерлерге қатысты профилактикалық шараларды күшейту тапсырылған. Сонымен қатар тәуекел тобындағы балалармен жеке жұмыс жүргізу және олардың әлеуметтік-психологиялық жағдайын бақылау маңызды бағыт ретінде белгіленген. Жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне байланысты рейдтік жұмыстар да жүргізіледі. Баланың қауіпсіздігі – ата-ана мен мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ