Перейти к содержимому
Главная страница » Қылмыстың алдын алу жұмыстары күшейтілді

Қылмыстың алдын алу жұмыстары күшейтілді

Талғар ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар тұрақты жүргізіледі. Әкімдік, прокуратура және полиция бірлесіп қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін бақылауда ұстап отыр. Рейдтік іс-шаралар барысында әсіресе жасөспірімдердің қауіпсіздігіне, қоғамдық орындардағы тәртіпке және құқықбұзушылықтың алдын алуға назар аударылады. Түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз жүру фактілерінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Қоғамдық орындарда тәртіп бұзған азаматтарға заң талаптары түсіндіріліп, тиісті шаралар қабылданады. Ауданда қауіпсіздік камераларын пайдалану да құқықбұзушылықтардың алдын алуға және болған оқиғаларды жедел анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Полиция мен тұрғындардың өзара байланысы неғұрлым берік болған сайын, қоғамдық қауіпсіздік те соғұрлым нығая түседі.

Құтмағанбет ҚОНЫСБАЙ