Перейти к содержимому
Главная страница » Құқықтық мәдениет қалыптастыруға көңіл бөлінуде

Құқықтық мәдениет қалыптастыруға көңіл бөлінуде

Кеген ауданында «Заң мен тәртіп» қағидатын тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Құқықтық мәдениетті арттырудың бір жолы – азаматтарға заң талаптарын қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізу. Бұл ретте жастардың құқықтық сауатын арттыруға ерекше көңіл бөлудің маңызы зор. Кегендегі жастармен жұмыс барысында құқықтық тақырыптағы кездесулер мен тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру өзекті. Мұндай шаралар жас буынның заңға құрметін қалыптастырып, құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді. Азамат өзінің құқығы мен міндетін жақсы білген жағдайда қоғамдағы жауапкершілік те арта түседі. Құқықтық сауат пен қоғамдық белсенділік – қауіпсіз ортаның маңызды негіздері. «Заң мен тәртіп» қағидаты осы құндылықтарды күнделікті өмір салтына айналдыруды көздейді.

Дәурен ЕРМЕКБАЙ