Іле ауданында заң талаптарын сақтау мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Құқық қорғау органдары құқықбұзушылықтың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тұрақты бақылауда. Профилактикалық шаралар барысында тұрғындарға қолданыстағы заң талаптары түсіндіріліп, құқықтық жауапкершілік туралы ақпарат беріледі. Әсіресе құқық бұзушылыққа бейім ортаға ерте назар аударып, оның алдын алуға мән берілуде. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелі болуы мемлекеттік органдар мен тұрғындардың өзара ынтымақтастығына байланысты. Заңды құрметтеу әр азаматтың күнделікті өміріндегі жауапкершілігінен басталады. Қоғамда тәртіп орныққан сайын аудан тұрғындары үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптаса түседі.
Ерзат АСЫЛ

