Перейти к содержимому
Главная страница » Тәртіп бар жерде – тұрақтылық бар

Тәртіп бар жерде – тұрақтылық бар

жаңа конституция

Қоғамдағы тұрақтылықтың маңызды негіздерінің бірі – қоғамдық тәртіптің сақталуы. Іле ауданында бұл бағытта полиция, прокуратура және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысы жолға қойылған. Қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін профилактикалық рейдтер мен түсіндіру шаралары өткізіледі. Ойын-сауық орындарының иелеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруінің алдын алу да маңызды міндеттердің бірі. Мұндай шаралар жасөспірімдерді түрлі қауіптен қорғауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Тәртіпті сақтау тек құқық қорғау органдарының жұмысына тәуелді емес, тұрғындардың жауапкершілігі де маңызды. Әр азамат қоғамдық тәртіпке үлес қосқанда ғана тұрақты әрі қауіпсіз орта қалыптасады.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ