Перейти к содержимому
Главная страница » Заң үстемдігі – ел тұрақтылығының тірегі

Заң үстемдігі – ел тұрақтылығының тірегі

Қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруі ең алдымен заңның үстемдігіне байланысты. Заң мен тәртіп орныққан жерде әр адамның құқығы қорғалып, қоғамдық ортадағы өзара жауапкершілік те арта түседі. Мемлекет үшін құқық бұзушылықпен күресу ғана емес, оның алдын алу және азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру маңызды. Осы мақсатта тұрғындарға заң талаптарын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және профилактикалық жұмыстар жүргізу өзекті болып отыр. Заңды білу адамға өз құқығын қорғауға мүмкіндік берсе, оны сақтау қоғам алдындағы жауапкершілікті білдіреді. Қоғамдық тәртіпті сақтау тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, оған әр азамат өз үлесін қосуы тиіс. Көшедегі тәртіптен бастап, қоғамдық орындардағы мәдениетке дейінгі әрбір әрекет ортақ қауіпсіздікке әсер етеді. Сондықтан заңға құрмет пен тәртіпке жауапкершілік күнделікті өмірдің ажырамас қағидатына айналуы қажет.

Ерзат АСЫЛ