Перейти к содержимому
Главная страница » Қоғаммен бірлесе жүзеге асатын жұмыс

Қоғаммен бірлесе жүзеге асатын жұмыс

Қауіпсіз ортаны қалыптастыру тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Бұл іске әрбір тұрғынның жауапкершілігі мен белсенділігі қажет. Іле ауданында тұрғындармен кездесулер өткізу, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, аулалар мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздік мәселелерін талқылау арқылы халықпен кері байланыс орнатуға мән беріледі. Құқықбұзушылықтың алдын алуда полиция, әкімдік, білім беру ұйымдары және қоғамдық құрылымдардың өзара байланысы маңызды.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ