Перейти к содержимому
Главная страница » Таза Қазақстан – ортақ міндет

Таза Қазақстан – ортақ міндет

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендердің тазалығын сақтауға бағытталған маңызды бастама. Тазалық ең алдымен әр адамның өз ауласынан, өз көшесінен басталады. Айналаны қоқыстан тазартып, қоғамдық орындарды ұқыпты ұстау – баршаға ортақ жауапкершілік. Тұрғындардың белсенділігі артқан сайын ауылдар мен қалалардың көркі де ажарлана түседі. Таза орта – дені сау ұрпақ пен жайлы өмірдің кепілі.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ