Перейти к содержимому
Главная страница » Тазалық – туған жерге деген құрмет

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Туған жердің тазалығы – оған деген құрметтің айқын көрінісі. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар ретке келтірілуде. Мұндай жұмыстарға тұрғындардың белсенді қатысуы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Қоқысты белгіленген орынға тастау, табиғатты ластамау – қарапайым болғанымен, маңызды әдет. Тазалықты сақтау әр азаматтың күнделікті дағдысына айналуы тиіс.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ