Перейти к содержимому
Главная страница » Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру – басым бағыттардың бірі

Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру – басым бағыттардың бірі

«Конституциялық құндылықтар: кәсібилік, сапа, нәтиже» тақырыбында өткен дәстүрлі тамыз кеңесінде сөз сөйлеген Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев колледждер кәсіби маман даярлаудың негізгі буыны екенін атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев техникалық және кәсіптік білім саласына реформа жасап, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруді үнемі басым бағыт ретінде белгілеп келеді. Осы орайда, қажетті «Гидротехникалық мелиорация», «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар», «Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе», «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану», «Жиhаз өндірісі» мамандықтарын ашу үшін жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге қаражат бөлінді.
2025 жылы 2 колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 45,6 млн теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, колледждердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1,4 млрд теңге қаражат қарастырылды.
Колледж студенттерінің жетістігі – бұл бүкіл облысымыздың мақтанышы және болашақ экономикамыздың берік іргетасы. Әлемнің 80 елі қатысқан 10-шы Республикалық «WorldSkills Kazahstan (УорлдСкилс Қазақстан) чемпионатының қорытындысы бойынша Алматы облысынан 27 құзыреттілік бойынша 12 студент жүлделі орындарға ие болып, үздік дайындық деңгейін көрсетті, – деді облыс әкімі.