-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Мерген қыздың мерейі

    24.10.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы, Спорт
    Мерген қыздың мерейі

    Фото: zhaikpress.kz

    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    XIX Азия ойындарында ерекше көзге түскен спортшыларымыздың бірі – мерген қыз Әсем Орынбай. Ол стенд атудан екі бірдей жүлдеге қол жеткізді. Бір алтын, бір қола медальді иеленді. Сөйтіп, ел мерейін асыруға өз үлесін қосты.

    Жуырда Азиада жеңімпаздарын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қабылдады. Салтанатты шарада сөз алған Әсем Орынбай Азия ойындарында жүлде оңай келмегенін атап өтті. «Біз жеңіске жету үшін бар күшімізді салдық. Бұған жаттықтырушылардың сіңірген еңбегі зор. Жеткен жеңіс – ортақ табысымыз», – деді чемпион. Мерген қыз алдағы Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін аянбай тер төгетінін айтты. Сонымен қатар тағы бір қуанышын паш етті. «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, спорттың арқасында мен өмірлік серігіммен кездестім. Ол да спортшы, амандық болса, қараша айында үйлену тойымыз болады. Соған сізді құрметті қонақ ретінде шақырамыз», – деді Әсем Орынбай. Кездесуден кейін мерген қызбен хабарласып, аз-кем әңгімелестік.

    – Әсем, бұл спорт түріне қалай келдіңіз?

    – Стенд ату спортымен 15 жасымнан бастап айналыстым. Оған әкемнің ықпалы көп тиді. Ол кісі балықшылықты, аңшылықты өте жақсы көретін. Мені қасынан қалдырмайтын. Кейін кәсіпқой стенд ату спортымен біржолата шұғылдандым. Көптеген жарыстарға қатысып, жеңімпаз атандым. Азиадаға баратын кезде Шымкент қаласында дайындалдық. Тыңғылықты жаттығып, физикалық және рухани жағынан барынша шыңдалдық. Азия ойындарында ең мықты қарсылас қытайлық және үндістандық мергендер болды. Біз бапкерлеріміз Сергей Колосов пен Владислав Мұхамадиевтің берген тапсырмаларын мұқият орындап, ел үмітін ақтауға ұмтылдық. Нәтижесі өздеріңізге белгілі.

    – Алдағы уақытта қандай жоспарыңыз бар?

    – Аздаған демалыстан соң Оңтүстік Кореяда өтетін жарысқа қатысамыз. Онда Олимпиада жолдамасы сарапқа салынады. Сол байрақты бәсекеде Көк Туымызды желбіретсек деген үлкен мақсатты көздеп отырмыз.

    – Өмірлік серігіңіз туралы айта кетсеңіз?

    – Ол кісі туралы әзірше ашып ештеңе айтпай-ақ қояйын. Екеуміз бір командада өнер көрсетеміз. Қалған жаңалықты алдағы уақытта ести жатарсыздар.

    Айта кетейік, Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында ең алғашқы алтын медальді стенд атудан Іле ауданы Ынтымақ ауылының тумасы Әсем Орынбай иеленген еді. Осы сайыста жүлдеге қол жеткізген тағы бір жерлесіміз Эдуард Ещенко – Өтеген батыр ауылының перзенті. Мергендердің Олимпиада ойындарына қатысып, жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз!

    Бағдат Шойбас,
    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Зейнетақы мен  жәрдемақы өседі

    Зейнетақы мен жәрдемақы өседі

    6 months ago
    Облыста діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

    Облыста діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

    2 years ago
    Алатаудың алмасы “ауырып” тұр

    Алатаудың алмасы “ауырып” тұр

    12 months ago
    «XXI ғасыр көшбасшысы» тележобасы экранға қайта оралады

    «XXI ғасыр көшбасшысы» тележобасы экранға қайта оралады

    5 months ago
    Ардагерлерге тағзым етті

    Ардагерлерге тағзым етті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>